Қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік және киберқылмыстың алдын алу

Қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік және киберқылмыстың алдын алу

02.04.2024 жылы  Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Койшыбаева К.Ж. «Педиатрия» мамандығының 3303 кураторлық тобымен қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік және киберқылмыстардың алдын алу тақырыбында кездесу өтті. Қаржылық сауаттылық негіздері, қаржылық қауіпсіздік, алаяқтық түрлері, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және қылмыскерлерден қорғану жолдары талқыланды. Отбасылық бюджетті жоспарлау және жүргізу, киберқылмыстардың тәуекелдері мен түрлері мен әдістері туралы ақпарат дайындалды.

Қаржылық сауаттылық – адамның әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға әкелетін қаржылық саласындағы білім, дағдылар мен көзқарастардың жиынтығы.

Қаржылық сауаттылық негіздерін білу нақты мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.

Жарияланды: