7 сәуірде бүкіл прогрессивті адамзат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күніне орай Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. Дені сау болу – тұтас ғылым және оның бір бағыты – денсаулық мәдениетін қалыптастыру: дене, рухани, әлеуметтік кемелдік. Осыған байланысты адам өзін-өзі қалыптастыруы керек: дені сау болып, өмірде өз жолын табуы керек. Адамның өсуі мен дамуы денсаулық деңгейін диагностикалаумен, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікке ұмтылумен және жаман әдеттердің болмауымен бірге жүруі керек. Дүниежүзілік денсаулық күні психикалық және физикалық денсаулықтың маңыздылығын, сондай-ақ оның дер кезінде алдын алу қажеттілігін есте сақтауға мүмкіндік береді! 4 сәуірде профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Денсаулығың өз қолыңда» акциясы, денсаулықты сақтаудың маңызды аспектілері мен профилактикалық іс-шараларына арналған әңгімелер өткізілді. Орыс бөлімінің Медицина факультетінің 1226, 1227 топ, «Педиатрия» 1232 студенттерімен және ағылшын тілі бөлімінің 2501-2508, 2228 топ студенттерімен әңгімелесу жүргізілді. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың қарапайым ережелерін білу және сақтау, күнделікті тәртіпті сақтау, спортпен айналысу, жаман әдеттерден бас тарту, жақсы көңіл-күйде болу, таза ауада жиі серуендеу, дұрыс тамақтану керек. «Денсаулығың өз қолыңда» акциясына қатысушы студенттердің, биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы атынан барлығына зор денсаулық тілейміз және денсаулықты сақтау мен нығайтудың қарапайым ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Денсаулық – кез келген адам үшін басты құндылық. Олжаева Р.Р.