01.04.2024ж. Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Тугелбаева А.М. «Педиатрия» мамандығының 3302 кураторлық тобымен «Темекі шегумен, алкоголизммен, нашақорлықпен, күресу, салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы мінез-құлықты қалыптастыру; салауатты өмір салтына мотивация; нашақорлықтың алдын алу проблемасын зерттеудің заманауи профилактикалық тәсілдерін талдау және қолдану; жастар арасында туындайтын нашақорлық, алкоголизм, темекі шегу проблемаларын талдау және түсіну.
Нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмыстары жоспарлы және жүйелі түрде жүргізілуде, бұл міндетті жүзеге асыруға барлық құрылымдар атсалысуда.