Кене инфекцияларының алдын алу бойынша қалалық семинар (кене энцефалиті және кене сүзегі)

Кене инфекцияларының алдын алу бойынша қалалық семинар (кене энцефалиті және кене сүзегі)

05.04.2024 ж.2024 ж. эпидемиялық маусымда кене инфекциясы бойынша профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда кене энцефалитінің және кене сүзегінің алдын алу бойынша семинар өтті.
Облысымызбен шектесетін ШҚО аумағында кене энцефалитінің табиғи ошақтары Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самара аймағы), Ұлан, Шемонаиха аудандары, Риддер және Өскемен қалаларының айналасы болып табылады.
Семинарға Семей қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінің медицина қызметкерлері қатысты, семинардың модераторлары “СМУ”КеАҚ 602 тобының ЖТД интерндері болды. Семинар барысында болашақ дәрігерлер эпидемиологияны, клиниканы, кене энцефалитінің және кене сүзегінің диагностикасын атап өтті, кене энцефалитінің спецификалық және спецификалық емес профилактикасы мәселелері егжей-тегжейлі талданды.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Рубрикалар: Семинарлар