Біз, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 4421 топ, 8 взвод студенттері, 2024 жылдың 2 наурызында запастағы медицина қызметінің подполковниктері А.Т.Смағуловтың және А.В.Матыциннің жетекшілігімен «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына» саяхат жасадық.
Мұражай қорында 2500-ге жуық түрлі экспонаттар бар, олардың 400-ге жуығы археологиялық олжалар, 1800-ге жуығы «Алтын қордың» құрамына кіретін зоология, ботаника және минералогия салаларындағы экспонаттар.
Сондай-ақ, коллекцияда құжаттар, тарихи және тұрмыстық заттар, қолжазбалар, Семей облысының шолулары, естелік кітапшалар мен мекенжай-күнтізбелер бар.
Мұражай экспозициялары бірнеше түрлі залдарда қойылған, мысалы: «Музыкалық аспаптар залы», «Қолөнер залы» және т.б.
Алған әсеріміз үлкен, жағымды және танымды іс-шараны ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз.
Әскери кафедраның 4421 топ студенттері