«№7 орта мектеп-лицей» КММ түлектерінің ата-аналарымен кездесу

«№7 орта мектеп-лицей» КММ түлектерінің ата-аналарымен кездесу

Балаларының мамандық таңдауына ата-ананың ықпалы даусыз. Ата-ананың ең маңызды міндеті – балаға оның кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін, оның жеке басының күшті және әлсіз жақтарын түсінуге көмектесу. Бұл кезеңде балаға әсіресе ата-анасының қолдауы мен мақұлдауы қажет, бұл оның өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектеседі.

Осы нюанстардың барлығын ескере отырып, Семей қаласының «№7 орта мектеп – лицей» КММ 2024 жылдың 4 сәуір – 5 сәуір аралығында «СМУ» КеАҚ қызметкері  қабылдау комиссиясының әдіскері С.А. Қайгелдинованы  бітіруші сыныптардың ата-аналар жиналысына шақырды.

Ата-аналарға «СМУ» КеАҚ-на қабылдау туралы толық ақпарат берілді. Әр ата-ана кітапша алды.

«СМУ» КеАҚ лицей әкімшілігіне, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші А.Т.Сатылгановқа, алғысын білдіреді, өйткені бұл  шақыру түлектердің мамандықты саналы таңдауына мектептің қамқорлық көрсететінін дәлелдейді.