«Семей медицина университеті» КЕАҚ жалпы білім беру пәндері кафедрасы «Адал азамат» тақырыбында студенттік шығармалар байқауын жариялайды.
Байқау Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуын, жас ұрпақты адал азамат болып тәрбиеленуін, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға, жастардың азаматтық санасын қалыптастыру, ел тағдырына араласу, оның болашағына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілуде.
Қатысуға Семей қаласының медицина университетінің барлық мамандықтарының 1 курс студенттері шақырылады.
«Адал азамат» тақырыбында шығармашылық жұмыстар. «Эссе байқауы» белгісімен 2024 жылдың 13 сәуіріне дейін ood@smu.edu.kz электрондық поштасына жіберіледі. Эссеге қойылатын талаптармен тіркелген құжат арқылы танысуға болады.
Марапаттау рәсімі 2024 жылдың 19 сәуірінде өтеді.