Бүйрек анатомиясы Зәр түзілудің физиологиялық механизмдері» Tbl әдісі бойынша практикалық сабақ

Бүйрек анатомиясы Зәр түзілудің физиологиялық механизмдері» Tbl әдісі бойынша практикалық сабақ

Профессор. Н.А.Хлопов атындағы Анатомия, гистология және топографиялық анатомия  кафедрасының аға оқытушысы Есболатова ГМ және профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Рахыжанова С.О. «Бүйрек анатомиясы Зәр түзілудің физиологиялық механизмдері» Tbl әдісі бойынша практикалық сабақ өткізді  TBL – TEAM – BASED LEARNING немесе командалық оқыту (TBL) әдісі топтық жұмыс негізінде оқыту. Оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мақсаты негіздік пәндер анатомия-физиология интеграциясында білім берудің сапасын арттыру, студенттердің курс материалын меңгеруін қамтамасыз ету, студенттерді өмір бойы білім алуға дайындау болып табылады.

Студенттер оқу процесіне белсенді қатысты, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарап, сабаққа дайындықпен келіп клиникалық жағдайды жан-жақты қарастырып кіші топта  жұмыс істеді. Сабақ соңында кері байланыс өткізілді студенттердің білімімен қатар өзара әрекеттесу, топта жұмыс істеу коммуникативті дағдылары да ескерілді. Студенттер кері байланыста осы әдіс бойынша сабақ қызықты өткенін атап өтті.

Рубрикалар: Оқушылар