Жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедрасы “СМУ”КеАҚ жалпы дәрігерлік практика кафедрасымен бірлесіп
“Гепатитті тоқтатайық!»атты университеттік кафедрааралық олимпиада өткізеді.
Олимпиада интерндердің практикалық және ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын анықтау және дамыту, болашақ жалпы практика дәрігерінің құзыреттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы жұқпалы аурулар саласындағы теориялық және практикалық білімді тарату және танымал ету мақсатында өткізіледі.
Өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 18 сәуір сағат 09.00. “СМУ” КеАҚ университеттік госпиталінің конференц-залында (БЖХ корпусы).
Қатысушылар: қазіргі уақытта кафедрада оқитын ЖТД 601, 611, 721, 723, 716 топтардың интерндері.
Университеттік кафедра-аралық ” Гепатитті тоқтатайық!” олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз!