Самар ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Самар ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2024 жылғы 4-5 сәуірде «МУС» КеАҚ мен «Шығыс Қазақстан облысы ББ» ММ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында қабылдау комиссиясы және MF бөлімінің бастығы Толеубаева К.С.  және бөлім әдіскері Ажарова А.К.  Самар ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.  Кездесуге  “№1 Самар орта мектебі”,  “Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі”,

«Жамбыл атындағы орта мектебі» , «Абай атындағы орта мектебі»,  «Маринагорка орта мектебі»  11 сынып оқушылары қатысты.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның 7 білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау, бакалавриатқа түсу, шекті балл, психометриялық түрдегі арнайы емтиханды тапсыру туралы толық ақпаратпен имидждік бейнеролик және презентация көрсетілді.

Оқушылар берілген ақпаратқа үлкен қызығушылық танытып, әңгімеге белсене қатысты, құжаттарды қабылдау, оқу мерзімі, гранттар, ақылы оқудан грантқа ауысу мүмкіндігі, шәкіртақы, жатақханамен қамтамасыз ету, төлем мөлшері, оқуға түсу мәселелері бойынша және т.б. сұрақтар қойылып жан-жақты жауап алды. Оқушыларға брошюралар таратылып, «Семей медицина университетінің» КеАҚ артықшылықтарымен таныстырылды. Оқушылар университет туралы ақпаратты зор ынтамен тыңдап, кейбір мектеп оқушылары біздің университетке түсуге ниет білдірді.