«Абай» мұражайына саяхат

«Абай» мұражайына саяхат

2024 жылдың 6- сәуірінде  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары өзінің кураторлық топтарымен (2228 топ кураторы доцент Уразалина Н.М., шетелдік 3658 топ кураторы доцент м.а.  Қозыкенова Ж.У., 2315 топ кураторы аға оқытушы Кулямирова Ж.О., 2122, 2223 топтарының кураторы медицина магистрі Иноземцева О.В. және «Педиатрия» мамандығының 3404 тобы мен 3129 шетел тобының кураторы медицина магистрі Қанатбекова А.К.)  Семей қаласындағы «Абай» мұражайына саяхат  жасады.

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайы – мәдени мекеме, Семей қаласының мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Мұражай тарихи-мәдени жәдігерлерді зерттеу, сақтау, Абайдың өмірі мен шығармашылығын, оның дәуірін, ақындық ортасын және ақындық мұрасын насихаттаумен айналысады. «Абай» қорық-мұражайындағы мұражайлық заттардың жалпы саны 11 тақырыптық залда орналасқан: «Абай. Жыл мезгілдері», «Дала әуені», «Абайдың балалық шағы», «Ақынның қалыптасуы», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық мектебі», «Абайдың отбасы», «Ғибадат сөздері», «Абай мұрасы», «Мультимедиялық зал», «Балалар бөлмесі». Мұражайда Абай өміріне қатысты мұрағат материалдары, түрлі құжаттар, қазақ халқының этнографиялық өмірін көрсететін заттар, қолөнер және бейнелеу өнері туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кітаптар, т.б. ұсынылған. Абай берген бұйымдар көшпелі халықтың тұрмысын, мәдениетін, өнерін бейнелейді. Экспонаттардың алуан түрлілігі Абайдың қазақ халқының этнографиясын ғылыми тұрғыдан жан-жақты көрсете отырып, жүйелі түрде заттарды жинағанын білдіреді.

Үш тілде білім алатын түрлі ұлт студенттері топ кураторларымен бірге мұражай көрмелерін тамашалады. «Абай» мұражайына бару бәрімізге өшпес әсер қалдырды!

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.

Рубрикалар: Оқушылар