Мамандық таңдау – өте жауапты, қиын да күрделі іс. Бұл көптеген мектеп бітірушілерді алаңдатып отырған үлкен мәселе десек қателеспейміз. Осыған байланысты Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation қызметкерлері Төлеубаева Қ.С. және Қайгелдинова С.А., Өскемен қаласының мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Сапардың мақсаты – мектеп оқушыларын университет қызметімен, білім беру бағдарламаларымен, қабылдау шарттарымен таныстыру және мамандық таңдауда көмек көрсету.
Кездесу барысында мектеп оқушылары «СМУ» КеАҚ білім беру бағдарламалары, оқуға түсу мүмкіндіктері мен артықшылықтары, әскери дайындық кафедрасы, жастар клубтары, Студенттер үйлері, қабылдау комиссиясының жұмыс ерекшеліктері, құжаттарды қабылдау ережелері, шәкіртақылар, академиялық ұтқырлық, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және қабылдау туралы барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
Кездесу соңында студенттер қабылдау туралы толық ақпарат жазылған буклеттер алды.