Рухани даму

Рухани даму

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының цикл бастығы запастағы медицина қызметінің подполковнигі  Смаилов Нұрбек Саденұлының басшылығымен, біз, «Стоматология» мамандығының  309 топ студенттері,  05 сәуір 2024 жылы,  Семей қаласындағы «Алаш Арыстары-Мұхтар Әуезов» мұражайына бардық.

Біз мұражай тарихымен,  экспонаттарымен танысып,  Міржақыпов Дулат, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мұхтар Әуезов, Алихан Бөкейхановтың балауыздан жасалған мүсіндерін көрдік.

Қазақ зиялыларының ұлы тұлғалары – алашордалықтар туралы, туған жеріміз Семейдің қазақ мәдениетінің, білімінің ордасы болғаны және болып қала беретіні, көптеген зиялы қауым өкілдері туып, өмір сүріп, игілігі үшін қызмет еткені туралы көптеген пайдалы, тағылымды мәліметтер алдық.

Мұхтар Әуезов ойнаған алғашқы футбол командаларының бірі «Ярыш» командасының суретін көрдік. Жалпы мұражай біршама құндылықтарға толы және есте қаларлықтай экскурсия болды.

Үлкен әсер алуға себеп болған Смаилов Нұрбек Саденұлына алғысымыз шексіз!

Әскери кафедраның 309 топ студенттері

Рубрикалар: Қоғамдық өмір