3 сәуір Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері арасында «Көрнекті тұлға, ғалым Аль-Фарабиге арналған» халықаралық жобасы аясында
ұйымдастырылған «ТМД үздік зерттеушісі» жобасына қастысушыларды марапаттау расімі
аяқталды. Байқауда Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан жане баска да біркатар елдердің, студенттері қатысты. Жобаны Халыкаралық студенттер қауымдастығы Занды тұлғалардың қауымдастық түріндегі «Бөбек «Жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырды.
«СМУ» КеАҚ- дан 4 курс студенті Кеңесбеков Тоқтар Бақытбекұлы қатысты. «Сәулелік терапияны қолдану арқылы қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа технологиялары» тақырыбында ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін «ТМД үздік зерттеушісі – 2024» медальі табысталды. Ғылыми мақаласы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің алғашқы кітап жинағына» енгізілді.