Жастар арасында берік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру

Жастар арасында берік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру

Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасында ассистент Койшыбаева К.Ж. рухани-адамгершілік тәрбие беру аясында «Жастар арасында берік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қатысушылар: «Педиатрия» мамандығы,3303 топ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мықты және бақытты отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, жан-жақты отбасы саясатын жүргізетін болады».

Жастар арасында берік отбасы құру үшін алдымен «отбасылық құндылықтарды» қалыптастыру қажет. Отбасы құндылықтары – бұл отбасының әрбір мүшесінің өзара әрекеттесуі мен өсуінің негізін құрайтын ортақ сенімдер, принциптер мен идеалдардың жиынтығы. Отбасылық құндылықтар отбасының барлық мүшелері үшін маңызды және мағыналы екенін көрсетеді. Отбасы құндылықтары отбасының барлық мүшелерін байланыстырады: өзара сүйіспеншілік, сенім, құрмет, қорғауға және қамқорлыққа ұмтылу, мейірімділік пен жанашырлық.

Заманауи отбасының тұрақтылығы мен әл-ауқатын одан әрі дамыту үшін жастардың құндылықтар жүйесіне жүйелі және мақсатты түрде ықпал ету және сол арқылы отбасылық өмірге жалпы дайындықты қалыптастыру қажет.