“Педиатрия” мамандығы бойынша оқитын “СМУ” КеАҚ 3 курс студенттері серіктес ЖОО Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында (Өзбекстан) 13.03 және 19.04.2024ж. аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде сәтті оқуда.
Білім алушылар білім беру бағдарламалары бойынша кредиттерді игереді, клиникалық базалар, дәрістер мен семинарларға қатысады, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының дәстүрлері мен мәдениетімен танысады. Осы бағдарламаның арқасында білім алушылар медицина ғылымы мен клиникалық практика саласында баға жетпес тәжірибе жинай алады.
Қазіргі уақытта Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтымен “СМУ” КеАҚ арасында білім саласында өте тығыз ынтымақтастық орнатылған.