Оқу залында оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және QR кодталған кітаптарды смартфон арқылы жылдам оқу мақсатында мерзімді басылымдардан, классикалық әдебиеттерден және үздік кітаптар таңдалымынан құралған электронды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде оқырмандар назарына Абайдың қара сөздері, атақты қазақ классиктерінің, орыс және әлем жазушылары: Ә.Нұршайықов, М.Мақатаев, Ғ.Мұстафин, В.Гюго, Джером Д.Сэлинжер, Харпер Ли, Колин Маккалоу, Пауло Коэльо, А.Горбунова, А.Алексина, А.Подшибякиндердің қаламынан туындаған үздік шығармалар ұсынылды.
Сондай-ақ, денсаулық туралы қосымша ақпарат алу үшін 2024 жылғы «Астана медициналық журналы», «Қазақстан нейрохирургиясы және неврологиясы», «Клиническая медицина», «Детские инфекции», «Здоровье населения и среда обитания», «Қазақстан фармациясы. Фармация Казахстана. Pharmacy of Kazahstan» және т.б. жаңа мерзімді басылымдар да қамтылды.