Күміс университеті – “АӘКҚ және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына бару”

Күміс университеті – “АӘКҚ және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына бару”

02.04.2024 жІшкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі К. шАмренованың жетекшілігімен кафедра ассистенттері Муфтиева Г.М., Амангалиева Г.М., Ракымгазиева А.С.”Семей қаласының 3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Күміс университет аясында жарты күндік стационар пациенттері мен белсенді ұзақ өмір сүру клубына келушілер үшін іс-шара өткізді. Ісшараға педиатрия факультетінің 3405 тобының студенттері қатысты, қан қысымын, қанықтылығын өлшеді,BMI есептеді және СӨС бойынша әңгіме жүргізді. Пациенттерге ЕДШ өткізілдішахмат ойындары мен оқыту, тоғызқұмалақ, оригами манипуляциясы, арттерапия, карточкалық терапия және дискотека түріндегі ми функцияларын ынталандыру ойындары өткізілді. Іс-шара соңында барлық қатысушылар өздеріне көрсеткен назарына өте қуанышты және риза болды, өйткені егде жаста бұл ең құнды нәрсе. Семей қаласының 3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының администраторы Щерба З.Ж. –ға осы іс-шараны өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқымыз келеді. Біздің аға буынымыз, ата-әжелерімізең маңызды байлық және әрқайсымыз туыстарымызға қажетінше көп көңіл бөлуіміз керек және бұл ысырап болмайды.