2024 жылдың 3 сәуірінде Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылыми және білім беру мекемелері арасында «Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің жаңа бағыттары» атты IX Халықаралық конференциясы ««Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Осы конференцияға физиологиялық пәндер кафедрасы атынан «ТМД Үздік зерттеуші– 2024 ж» конкурсына өтініш берілді. Ғылыми жетекшілері: ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а Рахыжанова Сәуле Орынғазықызы және Масалимова Анель Нұржанқызы. Конкурс қорытындысы бойынша КеАқ «СМУ», «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 4 курс, 434 тобының студенті Mohammed Vilayathullah Shareef іріктеуден өтіп, «ТМД» Үздік зерттеуші – 2024ж» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен және төс белгісімен марапатталды.

