2024 ЖЫЛ ТҮЛЕКТЕРІМЕН «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

2024 ЖЫЛ ТҮЛЕКТЕРІМЕН «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

2024 жылғы сәуір айыны 12-сі күні «Семей медицина университеті» КеАҚ ұйымдастыруымен ауқымды шара өтті. «Бос орындар жәрмеңкесі» дәстүрлі шараға айналған жыл сайын өтетін мереке десе де болады. Биылғы жәрмеңкеге мемлекетіміздің Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Шығыс-Қазасқстан, Павлодар, Абай өңірлерінен 90 (тоқсанға) жуық медициналық мекемелер келіп қатысты. Салтанатты ашылу рәсімін Басқарма Төрағасы – Ректор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы бастап, ары қарай Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Буйрашев Ануар Қанашұлы, Абай облысының Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Тұрсын Еркебұлан Серікқалиұлы, Риддер қаласының әкім орынбасары Ошақбаев Ерболат Құмарқанұлы және көптеген медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері сөз сөйледі. Келесі кезеңмен барлық қатысушылар Университет кітапханасының оқу залына өтіп негізгі түлектерді тарту жұмыстарын бастады.

Университет тарапынан бакалавр түлектері, атап өткенде «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» мамандықтары, интернатура түлектері «Жалпы тәжірибелік дәрігер», «Педиатрия», «Стоматология» мамандықтары және резидентураның 32 мамандығының тәмамдайтын барлығы 700-ден астам Павлодар, Өскемен, Семей қалаларынан білім алушылар қатысты. Түлектермен әр мекеме жеке-жеке сөйлесіп, өздеріне тарту жұмыстарын жүргізді. Түлектер жұмыс берушілердің презентацияларымен, медициналық ұйым жабдықтануымен, жұмыс, тұру жағдайлары, әлеуметтік пакет және сол сияқты ақпаратпен танысты.

Жалпы мемлекет бойынша медициналық кадрлар тапшылығы өте жоғарғы деңгейдеә сіресе ауылдық менде аса жоғары. Осы тапшылықты жабу мақсатымен мемлекет тарапнан ауқымды ұлттық бағдарламалар жүзеге асып жатыр, оның ішінде «Дипломмен ауылға», «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» т.с.с. «Семей медицина университеті» 70 жылдық тарихы бар көне оқу орындарының бірі, республика үшін медициналық кадрларды оқытып шығаратын мекеме болып табылады. 70 жыл бойы университет оқытудың инновациялық технологияларын енгізу және кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми зерттеулер базасын кеңейту арқылы білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп келеді.

Жәрмеңке қатысушыларына «Семей медицина университеті» алғысын білдіріп, ынтымақтастығымыз кеңейе түсетініне кәміл сенеді.

Рубрикалар: Жұмыспен қамту