Әскери кафедраға конкурстық іріктеудің ережелері

Әскери кафедраға конкурстық іріктеудің ережелері

10 сәуір 2024 жылы  «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының Медицина мектебі басшылығымен бірлесе, «Жалпы медицина», «Педиатрия» және «Стоматология» мамандығының 2  курс студенттерімен кезекті кездесуі өткізілді.

Аталған кездесудің негізгі мақсаты – 2024 жылы әскери кафедрада оқу үшін құжаттарын тапсырған студенттерге іріктеудің кезекті кезеңдерінен өту ережелері мен жағдайларымен таныстыру болды.

Студенттер алдына  шыққан әскери кафедра бастығы Орынбасаров Ш.О, әскери кафедра циклінің бастығы запастағы полковник Мамыканов Р.Т., әскери кафедра әдіскері Жакитова М.Б. медициналық куәландырудан өту, кәсіптік- психологиялық тестілеудене дайындығы бойынша нормативтер тапсыру мәселелері бойынша түсініктемелер берді.

Әскери кафедраның  цикл бастығы запастағы м/қ подполковнигі Н.Смаилов