«Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында «Күміс университет» жобасы аясындағы іс-шара

«Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында «Күміс университет» жобасы аясындағы іс-шара

м. ғ. д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы «Күміс университеті» жобасының жұмысына белсенді қатысады.

2024 жылдың 11 ​​сәуірінде куратор Лауенова С.А. жетекшілігімен 402 kz және 401 ru («Фармация») топтары Семей қаласындағы «Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне барды.

Медициналық-әлеуметтік мекеме өз бетінше қызмет көрсете алмайтын және денсаулығына байланысты арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж мүгедектер мен қарт адамдарға стационарда тәулік бойы тұрақты тұруға және күндізгі жартылай стационарда болуға арналған.

Концерттік бағдарламаның мақсаты –  адамзаттың ежелден келе жатқан дәстүрі жылдар бойына дана болып, қарттықты ардақтау, құрметтеу болды. «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне арналған мерекелік концерттік бағдарламада студенттер би билеп, ән шырқап, түрлі ұлттардың аспаптарында ойнап, Қазақстан ақындарының шығармаларын оқыды.

Әсіресе, студенттермен бірге би билеген қарттардың көңілін көтерді. Қарттардың қуанышты жүздері 3 курс студенттері үшін ең жоғарғы марапатқа айналды.

Әр мұқтаж қарт адам өз тағдыры, тарихы бар бір қызық тұлға. Олар бүгінде  сұр шашты кәріліктері қоғам өмірінен шет қалмағанына, қалада аға ұрпақты ардақтайтын жастардың барына және оларды қараусыз қалдырмағағына  ризашылықтарын білдіріп отыр. Дәл осындай алғыс сөздері шара соңында айтылды.

Сонымен қатар, ескере жүрсеніздер, балалар сияқты қарт адамдар да бөтен емес екенін ұмытпаңыз, сондықтан оларға жиі көңіл бөліп, қамқорлық жасаңыз.

«Күміс университет» жобасы бойынша кафедрадан жауапты – Лауенова С.А.