Профилактикалық медицина мектебі “Оқушыларды тамақтандыру ережелері”

Салауатты тамақтану мәселелері мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына қатысты. Дұрыс тамақтану-балалардың денсаулығын нығайтудың негізгі әдістерінің бірі. Біздің елімізде ҚР “салауатты тамақтану – тамаша білімге жол”ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы іске асырылуда. Тамақтануды ұйымдастыру бағдарламасының негізгі мақсаты ол балалардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша оқушылардың хабардар екенін  арттыру болып табылады. Сондықтан кезекті профилактикалық медицина мектебі Дұрыс…

Республикалық «Тілдарын» олимпиадасы

2024 жылғы 13 сәуір күні Семей медицина университетінің жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен республикалық «Тілдарын» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген тілдік емес білім беру бағдарламаларын оқытатын жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері қатысты. Олимпиада аралас форматта өтті: офлайн форматына 33 студент, онлайн форматына 27 студент қатысты. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ…

Пәндік олимпиада

Профессор Н.А. Хлопова  атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында, 10-11 сәуір 2024 ж. Стоматология  2 курс студенттері арасында топографиялық анатомия пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада 2 турда өтті.  Барлығы 20 студент қатысты. Олимпиаданың мақсаты топографиялық анатомия, хирургиялық құралдар, операция бөлмесінің жұмысы бойынша білімді бекіту және ауруларды диагностикалау үшін түрлі емдік манипуляциялар мен органдарға…

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сәуірдің 8нен 15 аралығында КеАҚ «Семей медицина университетінің» қоғамдық денсаулық кафедрасына КеАҚ «Астана медицина университетінен» фармацевтикалық пәндер кафедрас оқытушылары Капассов Саржан Сакенович және Капассова Зару Шахметвна келіп дәріс оқыды.  Жауапты кафедралар Қоғамдық денсаулық, фармакология, биохимия және химиялық пәндер кафедраларын бекітті. Академиялық ұтқырлық студенттер мен оқытушыларға білім, тәжірибе және идеялармен алмасуға мүмкіндік…

“Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық және жауапкершілік”

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес…