Өмірдің бірінші жылындағы балаларды тамақтандыру: заманауи тәсілдері

Өмірдің бірінші жылындағы балаларды тамақтандыру: заманауи тәсілдері

Ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыру адамның өміріне айтарлықтай әсер етеді, адамның қоршаған ортаның әртүрлі факторларына төзімділігін арттырады, тек емшек жасында ғана емес, сонымен қатар өскеннен кейінгі кезде де көптеген аурулардың алдын-алудың негізі болып табылады. Баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап тамақтануын дұрыс ұйымдастыру оның үйлесімді өсуінің, физикалық және жүйке-психикалық дамуының, денсаулықты сақтаудың және инфекциялық, радиациялық, экопатогендік және басқа да қолайсыз экологиялық факторлардың әсеріне төзімділікті арттырудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан балалардың тамақтану тақырыбы әрдайым педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, патронаттық мейірбикелер үшін де және ата-аналар үшін де өзекті болып табылады.

10.04.2024 ж. Семей қаласының ЖТД кафедрасы доцентінің м. а., м.ғ.к. Г. Т. Камашева ДСБ АО «Семей қаласының №4 емханасында» учаскелік және патронаждық медбикелер, ЖТД 7-курс интерндеріне арналған туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тамақтануы бойынша ақпаратты құрылымдау мақсатында оқыту шеберлік сыныбын өткізді. Осы шеберлік сыныбы шеңберінде білім алушылар емшек сүтімен емізудің артықшылығы, тамақтандырудың әртүрлі түрлерінде тамақ мөлшерін есептеу, гипогалактия белгілері және басқа да мәселелер бойынша өз білімдерін бекітті.