2024 жылдың 10 сәуірінде Семей қаласындағы №6 емханада «Хеликобактериоз – инфекциялық сипаттағы ауру» тақырыбында семинар өтті. Осы семинардың модераторлары қазіргі уақытта «Ересектердегі жұқпалы аурулар» пәні бойынша оқудан өтіп жатқан 601 ЖТД тобының интерндері болды. Баяндамашылар семинарға қатысушылардың назарына Хеликобактериоздың асқазан (пилорус) және он екі елі ішек пилорасын зақымдайтын жұқпалы ауру екенін айтты. Бұл аурудың қоздырғышы грамтеріс бактерия – Helicobacter pylori болып табылады.
. Клиникалық мәселелер, диагностика (заманауи әдістер арқылы адам ағзасында Helicobacter pylori бар екенін растау) және терапия қамтылды. Басты назар Helicobacter pylori-мен байланысты асқазан-ішек ауруларының алдын алуға аударылды. Шаймарданов Н.Қ.,Смаил Е.М.

