«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат

2024 жылдың 12 сәуірінде жалпы дәрігерлік практика кафедрасында оқытушы Темиртасова Ж.О. және ОМ 5214 тобының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бүгінде жеткілікті түрде кең таралған және өткір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылатыны атап өтілді. Бұл қауіпті, себебі ол жеке тұлғаның психологиялық дамуына, физикалық денсаулығына және өзін-өзі бағалауына орны толмас зиян келтіреді. Статистикаға сүйенсек, әйелдердің 50 пайызы, ерлердің 5 пайызы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Отбасындағы психологиялық тұрмыстық зорлық-зомбылықты тану қиын болып саналады. Ал дәлелдеу одан да қиын. Ең алдымен, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмекті отбасылық құқық мамандары мен психологтардан сұрау керек. Отбасында террор құрбандарына көмек көрсетуге бағытталған арнайы ұйымдар бар. Олардың қатарында дағдарыс орталықтары, медициналық-әлеуметтік оңалту мекемелері, әлеуметтік қызметтер және т.б. кіреді. Біздің елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қарастырылған.

Жарияланды: