Ағымдағы жылдың 12 – 13 сәуір аралығында біздің университет қабырғасында Совет Одағының волейболдан спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Семей медицина университетінде ұзақ жылдар бойы оқытушысы болған Е.Р.Амировты еске алуға арналған турнир өтті.
Едіге Рахымжанұлы Амиров Республикаға және қаламызға волейболдан танымал белгілі, тәжірибелі тренер, көптеген волейболшы студенттерді дайындап шығарған.
Сондай – ақ турнирге Семей медицина университет қабырғасында білім алып, волейболға қатысып жеңістерге жеткен Семей университет түлектер командасы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша келесі орындарға бөлінді:
3 орын – Семей медицина университет түлектері;
2 орын – Шәкәрім атындағы университет;
1 орын – СМУ КеАҚ студенттері айқын жекпе – жекте барлық командаларды басып озып турнирдің жеңімпазы атанды.
Біздің студенттерімізді және жаттықтырушы, дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы С.С.Смагуловты жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақыттарда сәттілік тілейміз!

