«Балалардағы көкжөтел»

«Балалардағы көкжөтел»

2024 жылғы 5 сәуірде балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И.М. және кафедра ассистенты Мансурова А.А. облыстық фтизиопульмонология орталығында инфекционист дәрігерлерге «Балалардағы көкжөтел» тақырыбында семинар өткізді. Семинар офлайн режимде өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көкжөтел инфекциясымен сырқаттанушылықтың өскенін хабарлады: аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 2,2 құрады. Бүкіл 2023 жылы көкжөтелдің 421 жағдайы анықталды, ал 2024 жылдың қаңтарынан наурызына дейін – соңғы жылдары абсолютті рекордқа айналған 442 жағдай (https://standard.kz/ru/post/vraci-biut-trevogu-v-kazaxstane-rastet-zabolevaemost-kokliusem-260).

Алғы сөзбен балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі және облыстық балалар  инфекционисті Эфендиев И.М. сөз сөйледі. «Балалардағы көкжөтелдің этиологиясы, эпидемиологиясы, жіктелуі, клиникалық көрінісі, зертханалық диагностикасы (материалды жинау ережелері), емі және алдын алу шаралары» тақырыбындағы Мансурова А.А. баяндама жасады.

Семинарды Эфендиев И.М. қорытындылап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Эфендиев И.М., Мансурова А.А.

Жарияланды: