«Ғылым адамдарды алға жетелеп, оларға шексіз дамуға мүмкіндік береді»

«Ғылым адамдарды алға жетелеп, оларға шексіз дамуға мүмкіндік береді»

Гранттық жобаны іске асыру шеңберінде уақытша ғылыми ұжым мүшелері, КеАҚ «Семей медицина университетінің»  Радиология кафедрасының  меңгерушісі Мадиева М.Р. және Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенттері Қанапиянова Г.Б., Берсимбекова Г.Б. 2024 жылдың 12-13 сәуірінде Астана қаласында өткен «Радиологиядағы әйелдер денсаулығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Бұл конференция Қазақстан радиологтары қоғамының Президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, КеАҚ «Астана медицина университетінің» академик Ж.Х. Хамзабаева атындағы Радиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Рахимжанова Р.И. ғылыми еңбегінің 55 жылдығына арналған. Конференцияда көптеген қызықты баяндамалар тыңдалды.  Корея, Австрия, Германия, Англия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей және басқа елдерден көптеген қонақтар келді. Баяндамалар ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістеріне және жасанды интеллектті қолдануға арналды. Әлемнің жетекші компаниялары медициналық жабдықтардың, соның ішінде остеопорозды диагностикалаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынды. Баяндамаларда соңғы технологиялар мен патологиялардың бірыңғай жіктемесі ұсынылған, бұл тек рентгенологтар үшін ғана емес, сондай-ақ әйелдер денсаулығына тікелей байланысты гинеколог мамандар мен басқа да терапевтік және хирургиялық мамандықтар үшін өте пайдалы болды. Осы баяндамалардың ішінде ең көп таралған және қауіпті аурулардың бірі болып табылатын постменопаузалық остеопороз тақырыбына арналған баяндама болды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс