Күршім мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Күршім мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары

«Семей медицина университеті» КеАҚ мектеп оқушыларын кәсіби өзін-өзі анықтауға және мамандық таңдауға дайындау үшін Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушыларымен белсенді түрде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.

12.04.2024 жылы  Қабылдау комиссиясының әдіскері және академик  Т.Қ.Раисов  атындағы Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Ғалымбеков Д.Ж., Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы бірқатар мектептерді аралады.

«СМУ» КеАҚ қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына университеттің факультеттері мен мамандықтары туралы толық ақпарат берді. Оқушылар медициналық мамандықтарға, дәрігерлік мамандықтың болашағына деген қызығушылықтарын танытты, дәрігердің адамдарға қызмет етуге дайын адам екенін, әлемдегі ең әдемі нәрсе – адам өмірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын,  дәрігер мамандығы жер бетіндегі ең асыл, адамгершілік, қажетті мамандықтардың бірі екенін түсінді.

Кездесу барысында ҰБТ тапсыру, университетке қабылдау және құжат тапсыру ережелері, білім гранттары бойынша кеңестер беріліп, «СМУ» КеАҚ туралы ақпараттық материалдар таратылды. Мектеп оқушылары биология және химия пәндері бойынша алдағы облыстық олимпиадаларға университетке келуге ниет білдірді.

Жарияланды: