«Педиатрия» мамандығының 3301 топ студенттері 12-шы сәуір күні топ кураторы, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Смагулова Айман Ермековнамен бірге Абай атындағы театрының “Оқиға” пьесасын тамашалауға барды. Қойылымды «Дариға-ай» жастар театры қойды. Пьесада қазіргі қоғамда кездесіп жататын шым-шытырық оқиғаға, қақтығысқа толы жастардың өмірі баяндалады. Жастардың бейғамдығынан туындап жататын оқиғалар қоғамның дертіне айналып жатады. Өмірдің өзі – күрес, жекпе-жек. Сол күресте адалдықтың тасы бір мысқал болса да ауыр тарту үшін шыбын жанын құрбандыққа шалғандар жеңісі қашанда мәңгілік! Оқиға желісі – адалдықты аңсаған адам қашанда өз идеалының құрбаны деген тұжырымға әкеледі. Бұл қойылымның өскелең ұрпақ үшін берер тәрбиелік мәні зор.

