2024 жылдың 11-13 сәуір аралығында мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында қабылдау комиссиясының және MF бөлімінің әдіскері Ажарова А.К. Зайсан ауданындағы мектеп оқушыларымен кездесті.
Оқушыларға «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметі, дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі, оқу жүргізілетін мамандықтар туралы академиялық ұтқырлыққа қатысу мүмкіндіктері туралы бейнеролик ұсынылды. Кездесуде университетіміздің тарихы, білім беру бағдарламалары, мектеп бітіргеннен кейінгі болашағы сөз болды. Оқушыларға барлық ақпарат бейнероликте және брошурада ұсынылды, бұл оларға КеАҚ «Семей медицина университетін» анық және түрлі-түсті танысуға мүмкіндік берді. Кездесу қызу және достық жағдайда өтті.
«Семей медицина университеті» КеАҚ «М.Әуезов атындағы орта мектептің» кәсіптік бағдар беру жөніндегі маманына алғыс білдіреді.