«Секундтарда өмірді сақтау» шұғыл көмек көрсетудің қалалық олимпиадасы

«Секундтарда өмірді сақтау» шұғыл көмек көрсетудің қалалық олимпиадасы

16.04.2024 жылы мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері “Секундарда өмірді сақтау” тақырыбында қалалық дәрежеде шұғыл көмек бойынша олимпиада өткізді.

Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж. М. Жуманбаева салтанатты түрде сөз сөйлеп, барлық студенттер мен әріптестерді олимпиаданың басталуымен құттықтады.

Олимпиадаға Д.Қалматав атындағы жоғарғы колледж, Семей Медициналық колледжі және КеАҚ СМУ студенттері белсенді қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

1-кезең Сұрақ жауап айдары;

2-кезең Теориялық білімді салыстыру;

3-кезең Шұғыл жағдайда көмек көрсету симуляциясы.

Олимпиада қорытындысы бойынша Д.Қалматаев атындағы жоғарғы колледж студенттері салтанатты түрде 1 дәрежелі Дипломмен, КеАҚ СМУ студенттері 2 дәрежелі дипломмен, Семей Медициналық колледжі студенттері 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ұйымдастырушылар: қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.М. Жуманбаева, кафедра ассистенттері А.Т.Оспанова, Б.А.Орынбасарова, М.Б. Болатова, Р.М. Қисина, Р.Н. Құдайбергенов, Д.Ш. Шагиева, Н.С. Рахматуллина, Т.М. Садықова, Ш.Ш. Амренова, А.М. Шарапиева, Г.Т. Айтмурзинова, Ж.Т. Жетмекова., Аскарова М.М.