Семей орманы—менің орманым!

Семей орманы—менің орманым!

12 ақпан күні Семей қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен “Семей орманы—менің орманым!”  атты қалалық акциясына “Семей медицина университеті”  КеАҚ жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушылары Садыкова Л. К.,  Базарбеков Ғ. Ж.,  Букатаева А. Б.  кураторлық топтарымен белсенділік танытып  қатысып қайтты. Көне заманнан мұра болып бүгінге жеткен табиғат байлығын көздің қарашығындай сақтауға атсалысу әрбір азаматтың парызы екендігін ескерген білім алушыларымыз оқытушыларымен бірлесе отырып, өз істерін аса ықтиярлықпен  атқарып қайтты. Арнайы белгіленген орынға қарағай көшеттерін отырғызып, орман алқабын қалпына келтіруге өз үлестерін қосты. Қала тұрғындарының барлығын қаламызды көркейту мен тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз.

 

 Жалпы білім беру пәндер кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз