2023 жылы Қазақстанда көкжөтелдің 393 жағдайы тіркелді. “Көкжөтелмен сырқаттанушылықтың өсуі жоспарлы вакцинацияны өткізіп алу және вакцинациядан бас тарту себебінен, соның салдарынан ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты. Көкжөтел халықтың, әсіресе балалар арасында, иммундық емес топтардың қалыптасуы мен байланысты әр 3-5 жыл сайын ауру деңгейінің циклдік өсуімен сипатталады.
Мектеп отырысы “Көкжөтелдің” алдын алудың негізгі әдістеріне арналды, кафедра меңгерушісі, профессор Дюсупова А. А., доцент Юрковская О. А., Беляева Т. М., Камашева Г. Т., Терехова Т.И., Хисметова А. М. және 608 “ЖTД” тобының интерндері ұйымдастырды және өткізді.
Қазақстанда көкжөтелдің алдын алу үшін АбКДС-Хиб-IPV вакцинасы қолданылады (көкжөтелден, дифтериядан, сіреспеден, В типті гемофильді инфекциядан және полиомиелиттен). Ол Францияда өндірілген. Көкжөтелден барынша қорғау үшін балаларға 5 екпе алу қажет, оның ішінде 3 екпе – 2 айдан бастап 1 ай аралығымен, содан кейін бірінші ревакцинация бір жарым жылда, екінші ревакцинация – 6 жылда жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, көкжөтелге қарсы вакцинация 1950 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде негізінен жас балаларға қолданылады. Бұл ауру мен өлім-жітім деңгейін айтарлықтай төмендетті. Ақпарат аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Талқылау ынталандыру сыйлықтары бар викторинамен аяқталды.