Үздік баяндама

Үздік баяндама

11.04.2024 жылы «СМУ» КеАҚ Профессоры Какенова Пану Ильясовнаның 90-жылдығына арналған “Ғылым және денсаулық” халықаралық қатысуымен білім алушылардың жыл сайынғы 66-шы студенттік ғылыми-практикалық конференциясының бірінші күнінде 2211 «Жалпы Медицина» тобының студенттері А. О. Сатенов, Т. Д. Есенова «Хирургиялық көмекті ұйымдастырудың заманауи аспектілері» секциясында «Іріңді хирургиялық инфекциядағы мейіргердің  рөлі» атты ауызша баяндама оқыды мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері А. Т. Оспанова, Д. Ш. Шагиеваның ғылыми жетекшілігімен.

Конференция қорытындысында студенттер «Үздік баяндама» номинация Дипломмен салтанатты түрде марапатталды.

Жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз!