Мамандық таңдау – жасөспірім өміріндегі ең маңызды таңдаулардың бірі. «Мен кім болуым керек?» – деген сұрақ өмірлік маңызды сұрақ болып табылады. Кәсіптік бағдар беру түлектерге өмірден өз орнын табуға көмектесу үшін жасалған.
16.04.2024 Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation әдіскерлері Ажарова А.К. және Кайгелдинова С.А. кәсіптік бағдар беру мақсатында «№29 «Пальмира» жалпы орта білім беретін мектебіне» барды. Кездесу барысында университет қызметкерлері талапкерлермен жеке сөйлесе алды, балалар оқуға қабылдау ережелері, білім беру бағдарламалары туралы барлық ақпаратты алды.
Сонымен қатар, ақпараттандыру мақсатында мектеп оқушыларына буклеттер қалдырылды.