Академиялық адалдық

Академиялық адалдық

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2024 жылғы 17 сәуірде запастағы медицина қызметінің аға оқытушысы

Матыцин А.В. 4421 топта «Академиялық адалдық» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағатты өткізу барысында студенттердің назары «Семей медицина университеті» КеАҚ оқу процесінің негізгі қағидаты Академиялық адалдық болып табылатынына бағытталды.

Білім беру үдірісіндегі академиялық адалдық студенттерден адалдық, өзара сенім, ашықтық, студенттер мен оқытушылар арасындағы кері байланыс, студенттердің құқықтарын, бостандықтары мен теңдігін құрметтеу, сондай-ақ, университет қабырғасында өзін қалай ұстау керектігін білу, этика негіздері, оқу орнындағы ішкі тәртіп ережелері сияқты қасиеттерді талап етеді.

Академиялық адалдық ережелерін сақтау және оларды бұзғаны үшін бірдей жауапкершілік – әр студенттің міндеті.

Кураторлық сағатқа әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы медицина қызметінің подполковнигі А. Т. Смағұлов қатысып, аталған іс-шараның өткізілуіне оң баға берді.

Әскери кафедраның 4421 топ студенттері Жалпы медицина мамандығы