Ашық есік күні

Ашық есік күні

2024-жылдың 16-сәуірінде Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р бастауымен кафедраның клиникалық базасының бірі болып саналатын Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында 1-жыл резидент-реабилитологтары дәрігер-интерндерге “Физикалық медицина және реабилитация” мамандығы бойынша кәсіптік бағдар беріп, резидентураға түсуге шақыру мақсатымен ашық есік күнін ұйымдастырды.
Шараның ашылуында кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р сөз бастап, келген қатысушыларға сәттілік тіледі.
Алғашқы сөзден кейін 1-жыл реабилитолог-резиденттері кафедраның тарихымен, клиникалық базалармен, мамандықтың мүмкіндіктері және артықшылықтарымен таныстырды. Сонымен қатар резидентура негізінде академиялық мобильділікпен өзге университеттерден білім алған және Қарағанды, Алматы қалаларында тағылымдамадан өткен резиденттер өздерінің алған тәжірибелері жайлы пікірлерін білдірді.
Ашық есік күні соңында келген қонақтарға орталық таныстырылып, интерндер өздерінің кері байланыстарымен бөлісті. Дәрігер-интерндер іс-шараның ұнағанын және осындай кәсіптік бағдар беретін жиындар болашақта резидентура бойынша өз бағыттарын таңдауға септігін тигізетінін жеткізді.
1-курс реабилитолог-резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.