Профориентация

Профориентация

17.04.2024 жылы «Семей медицина университетінің» КеАҚ Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының базасында «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» резидентура мамандығы бойынша интерндерге профориентация бойынша жұмыс жүргізілді. «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша жауапты доцент қ.а. Шаханова А.Т. және «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша 1 оқу жылғы резидент Тогайбекова М. интерндерді кафедрамен, оқу бағдарламасымен таныстырды.

 

«Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» резидентура мамандығы бойынша қазіргі уақытта 1 оқу жылының 4 резиденті және 2 оқу жылының 4 резиденті оқиды, оның ішінде 2 резидент «Семей медицина университетінің» КеАҚ Университеттік госпиталінің Гастроэнтерология бөлімінің базасында оқиды, 4 резидент – Өскемен қаласындағы университеттің филиал базасында және 2 резидент – Павлодар қаласындағы университеттің филиал базасында білім алады. Резиденттерді академиялық және клиникалық тәлімгерлердің қадағалауымен өздерінің пациенттерді дәрігерлік қарау, пациенттермен және әріптестермен қарым қатынас кезінде дәрігерлік этика мен деонтология принциптерін ұстануға, диагностика мен емдеу дағдыларын игеруге, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға және белсенді түрде клиникалық талдаулар мен консилиумдарда, жаңа заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін талқылауға және енгізуге үйрену жолдары айтылды. Резиденттер академиялық тәлімгермен оффлайн және онлайн сабақтар жүргізу барысында қазіргі уақытта заманауи клиникалық нұсқаулықтарды, классификацияларды, диагностика мен емдеу әдістерін, дүние жүзінде ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша жаңадан қолданып жүрген диагностика мен емдеу әдістерін талқылайды. Ғылыми зерттеулерге қатысып, ғылыми еңбектерін академиялық тәлімгермен бірге жариялайды. Интерндерді қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының доцент қ.а. Шаханова А.Т.