16 сәуірде Д.М.Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилиталогия кафедрасында УГ НАО «МУС»базасында интерндерге кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Тыңдаушылар ВОП мамандығының 701 және 702 топтарының интерндері болды.
Іс-шараға оқытушылар “Педиатрия” және «Неонатология» мамандықтарының 1 және 2 курстарының резиденттері қатысты.
Кафедра меңгерушісі Алибекова Б.А., кафедра ассистенттері Иманмадиева Д.М., Капанова А.А. интерндерді кафедра тарихымен, оқытушыларымен, клиникалық орындарымен, «Педиатрия» және «Неонатология»мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының миссиясы мен мақсаттарымен таныстырды.
Сондай-ақ, кадр тапшылығы, педиатр мен неонатологтың жұмыс жағдайы талқыланды.
Ізгі ниет пен өзара түсіністік жағдайында өткен кездесу барысында 1 және 2 курстың резидент-педиатр және резидент-неонатологтар кафедрадағы оқу және тәжірибеден алған әсерлерімен, оқу барысында жеткен жетістіктері туралы айтты, дәлелді медицина негізінде алған білімдері, кәсіби, практикалық дағдылар тұралы бөлісті. Интерндердің сұрақтарына жауаптар берілді.
Бұл кездесу кафедрамызға келген интерндерге олардың әрі қарай даму траекториясын дұрыс таңдауға көмектеседі деп сенеміз.