Тәрбие жұмысы аясында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері замануи армиясының әскери техникасы мен қару-жарақтарының негізгі түрлерімен танысу мақсатында, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының бастығы м/қ полковнигі Ш.О.Орынбасаровтың және цикл бастығы запастағы м/қ подполковнигі
Н.С. Смаиловтың жетекшілігімен әскери кафедрада білім алушы «Жалпы медицина» мамандығының 4115 топ және «Стоматология» мамандығының 307,309 топ студенттері, 17 сәуір 2024 жылы Семей қаласының Әскери техниканың ашық аспан мұражайына және Гарнизондық офицерлер үйіне саяхат жасады.
Ашық аспан мұражайында әр түрлі кезеңдегі әскери техникалар үлгілері мен бабаларымыздың ерліктерін насихаттаушы, Ұлы Отан соғысына арналған мемориал орын алған.
Қызметкерлер музей экспонаттарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуының басты белестері туралы әңгімелеп берді.
Бұл мекемеде Әскери даңқ мұражайы 1997 жылы құрылып, мәдени-тәрбиелік, әдістемелік және демалыс қызметін атқарып келеді.
Гарнизондық офицерлер үйі әскери қызметшілердің және Қарулы Күштердің азаматтық персоналдары мен олардың отбасы мүшелерінің рухани қажеттілік, тәрбие, мәдени- ағарту мен демалыс шараларын ұйымдастыруды іске асыру мақсатына арналған.
Мұндай шаралар студенттердің әскери кафедрада алған білімдерін бекітуге, сондай-ақ, рухани және мәдени дамуларына, Отанымыздың тарихына ерекше құрметпен қарауларына үлкен ықпалын тигізеді.
Осындай мағыналы шараны ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіреміз!
Әскери кафедра студенттері