2024 жылдың 18 сәуірінде «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасында кафедра ассистенті 3444 ЖМ шетелдік студенттер тобында кестеге сәйкес ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Балалардағы зәр шығару жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Балалардың зәр шығару жүйесін зерттеу әдістері. Сабақта дәстүрлі оқыту және миға шабуыл әдістері қолданылды, кіріспе және қорытынды тест алынды, сабақтың тәжірибелік бөлімі пациенттерге жүргізілді, бөлімге барар алдында LMS кейпс жүйесіне жүктелген видео бейнелер қаралды. Оқушылар бақылау чек парақ бойынша дағдыларды жаттықтырды. Мұғалім орындалу барысын қадағалап, қате жерлерін түзетіп көрсетіп отырды. Әр кезеңнің соңында бағалар жарияланып, сабақ соңында сабақтың қорытынды бағалары жарияланды және конструктивті кері байланыс берілді.