2024 жылдың 18 сәуірінде «Семей медициналық университетінің» психиатрия және наркология кафедрасы Риддер қ. “№14 орта мектебі” 9А, 9В сынып оқушыларын “Семей медициналық университімен” таныстыру және тарту мақсатында “Кәсіптік бағдар беру” іс-шараларын өткізді. Қатысушылар: 9А, 9В сынып оқушылары; мектеп қызметкерлері: директордың тәрбие жөніндегі орынбасары В. В. Варавина; аға тәлімгер Е. Т. Қонқаева.
Мектеп оқушыларына құттықтау сөз сөйледі: кафедра ассистенті А. А. Алмагамбетова, 2-ші жылдың резиденті Е. К. Голубь.
Өз сөзінде олар оқушыларды “Семей медицина университетінің” қарқынды инфрақұрылымдық дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі туралы толық ақпаратпен таныстырды. №14 мектеп оқушылары “Семей медициналық университетінің” табысты қызметімен егжей – тегжейлі танысты, 7 білім беру бағдарламасы бойынша қандай мамандықтар алуға болатындығы туралы ақпарат алды. “Семей медициналық университеті” ұзақ уақыт бойы білім алушылар мен профессор – оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасын табысты жүзеге асырып келеді. Әскери дайындық кафедрасы бар. Әскери даярлықты оқытудың мақсаты-ҚР Қарулы Күштері үшін медициналық қызмет офицерлерін даярлау. ШҚО Риддер қаласының “№14 орта мектебінің ” оқушылары қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойды. Дәрігер мамандығы-Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау үшін құрметті, асыл және өте жауапты іс!