19.04. 2024 жылы эпидемиялық маусымда кене инфекциясы бойынша профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Әуезов шұғыл медициналық көмек және қосалқы көмек станциясында кене энцефалитінің және кене сүзегінің алдын алу бойынша семинар өтті.
Облысымызбен шектесетін ШҚО аумағында кене энцефалитінің табиғи ошақтары Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самара аймағы), Ұлан, Шемонаиха аудандары, Риддер және Өскемен қалаларының айналасы болып табылады.
Семинар спикерлері ЖПД 601 тобының интерндері. Кене энцефалитінің спецификалық және спецификалық емес профилактикасына назар аудара отырып, кене энцефалитінің және кене сүзегінің эпидемиологиясын, клиникасын, диагностикасын баяндады.
Шаймарданов.Н.К. Смаил.Е. М.