Кураторлық топтардың жатақханасын аралау

Кураторлық топтардың жатақханасын аралау

2024 жылдың 17 сәуірінде 434 және 431 ЖМ топ кураторлары, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Түгелбаева А.М. және Смагулова А.Е. Дулатов көшесі, 286 және Мамай батыр көшесі, 77 студенттер үйлерінде тұратын кураторлық топтарына барып келді. Бару мақсаты студенттер үйінде тұратын білім алушылардың  тұрғын жағдайларымен танысу, сонымен қатар ол  тоғызыншы күні аяқталатын Рамаяна апталығының соңғы күніне сәйкес келді. Жыл сайын Үндістанда Рамнавами фестивалі кең көлемде аталып өтіледі – Раманың пайда болуы, оның Равананың жын-шайтанын жеңу үшін Вишну құдайының аватары ретінде дүниеге келуі. Бұл жеңіс жақсылықтың зұлымдықты жеңуінің көрінісі. Әдетте мереке бір аптаға созылады.

Оқушылар ұстаздарға дәстүрлі тағамдар мен шай әзірледі. Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.

431 және 434 ЖМ топ студенттерін жылы қарсы алғандары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Рубрикалар: Оқушылар