2024 жылы 19 сәуірде университеттік ауруханада «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Клиникадағы балалар аурулары» пәні бойынша интегрирленген пәнаралық олимпиада өтті. Бұл шараны ұйымдастырушылар: Балалар аурулары пропедевтикасы және Травматология және балалар хирургиясы кафедрасының қызметкерлері. Олимпиада үш тілде өтті және төрт кезеңнен тұрды: таныстыру, ситуациялық есепті шешу, практикалық дағдыны орындау және капитандар сайысы.
Олимпиаданы құттықтау сөзімен балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Тоқтабаева Б.Ж. және травматология және балалар хирургиясы кафедрасының завучы Аликенов Қ.Қ. бастады.
Сонымен қатар деканаттан келген қонақтар: «Жалпы медицина» бойынша 4 курс деканының орынбасары Дюсенбаева Айгүл Бахтыбекқызы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша «L’AVICENNA» командасы (4127 топ) 1 орынды иеленді. 2 орын – «INVICTUS» командасы (4102 топ); 3 орын – «Острые скальпели» (4101-топ) және «INDIAN WALE» (428 шетелдік студенттер тобы) командалары иеленді.
Қорытынды сөзді травматология және балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Аубакиров М.Т. сөйледі және олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы.