«Speaking club for International Students» кезекті сабағы 2024 жылдың 20 сәуірінде шетел бөлімінің 2-5 курс студенттерімен өткізілді. Сабақты проф. Н.А.Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Қожанова Сәуле Кеңесханқызы өткізді. Сабақ барысында «Хирургиялық аспаптар» тақырыбы интерактивті түрде талқыланып, хирургиялық аспаптар көрсетіліп, сабақ тақырыбына байланысты терминология білімі жетілдірілді. Студенттер хирургиялық аспаптарды орыс тілінде атауға машықтанды, оларды дұрыс ұстауды және кафедрада ұсынылған стендте анықтауды үйренді. Студенттерге хирургиялық құралдардың классификациясы мен атауларын сипаттайтын ағылшын және орыс тілдеріндегі терминдер сөздігі ұсынылды. Сабақ соңында студенттер орыс тілінде терминологияны пайдалана отырып, хирургиялық аспаптарды сипаттады. Барлық қатысушылар оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту үшін мұндай сабақтардың қажеттілігін атап өтті.