18-19 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығында Иммундау бойынша Кеңейтілген Бағдарламаның 50 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Алматы қаласында ҚЕАҚ “ С. Д Асфендиаров атындағы Қазақ ұлттық университеті” базасында өткізілді. Бағдарлама аясында “Өмір үшін иммундау” атты үздік бейнеролик байқауы өтті. Бейнеролик байқауында жүлделі орынға ие болған ЖПД мамандығы бойынша 606 топ студенттері жүлделі орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Смағұл Манар Асырқызы алғыс хатпен марапаттап, ҚЕаҚ «СМУ» әкімшілігіне, жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасына, кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.д Дюсупова Ажар Ахметкалиевнаға және м.ғ.к Юрковская Оксана Александровнаға үлкен алғысын білдірді