23.04.2024 ж. Семей қ. ЖТД кафедрасының қызметкерлері “Семей қ. №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” КММ-де “Күміс университет” жобасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына арналған кезекті іс-шара өткізді. Іс-шара «Жеңіс күніне» арналған іс-шаралар циклінің бірі болып табылады. «МУС» КЕАҚ Семей қ. ЖТД кафедра меңгерушісі м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупова, сондай-ақ оқытушылар Г. Т. Камашева, Т. М. Беляева, О. А. Юрковская, Р. И. Фаизова, А. М. Хисметова, Т.И.Терехова, В.Т. Ахметова, А.С. Джармухаметова және 721 және 723 ЖТД- интерндер топтарымен бірлесіп «Өз елінің патриоттары» тақырыбында жүргізілді.
Жеңіс күні-еліміздегі ең үлкен және жарқын мерекелердің бірі! 1945 жылдың 9 мамырындағы даңқты күннен бастап 79 жыл өтті, бірақ біз жеңімпаздың есімін білеміз және есімізде сақтаймыз. Ол – халық! Біздің аталарымыз бен арғы аталарымыз жердегі бейбітшілік үшін өмірін қиды. Достық, бауырластық, өзара көмек кеңес сарбаздарына фашистерді жеңуге көмектесті. Отанды майданда немесе тылда – далада, станокта зауытта қару-жарақпен қорғаған әрбір адам батыр болды. Біз бұл соғысты есте сақтағанша-біз өмір сүреміз, Отанымыз өмір сүреді! Осындай батырлардың бірі – Кеңес Одағының Батырлары Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлова. Интерндер Кеңес Одағының Батырлары Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлованың өмірбаянын айтып, олардың ерліктері туралы фильмдер көрсетті!!! Сонымен қоса аға буынмен бірге интерндер соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
Баршаңызды ұлы күн, Жеңіс күнімен құттықтаймыз!!!